Ауған халқына гуманитарлық көмек жіберіледі

800

Ауған халқына 3012 тонна күріш және 816 тонна ұн жеткізіледі.

Ауған халқына гуманитарлық көмек жіберіледі

Қытай Ауғанстанды жайлаған құрғақшылықтан өнімнің бітік шықпауына байланысты азық-түлік тапшылығын жоюға атсалысады. Яғни, азықтай көмектеседі, деп хабарлайды islam.kz.

Аталған елдегі Қытай елшісі Лю Цзиньсун мәлім еткендей, көп ұзамай ауған халқына 3012 тонна күріш және 816 тонна ұн жеткізеді. Қытай тарапынан гуманитарлық көмек Ауғанстанның тәліптер қозғалысы да, ресми билік те бақылау жүргізетін аумақтарға көрсетілетін болады.

Стстистикалық мәлімет бойынша дәл қазіргі уақытта аталған елдің құрғақшылық жайлаған 20 провинциясынан 1,4 млн-нан аса адам гуманитарлық көмекке аса мұқтаж. Жыл соңына қарай құрғақшылық зардабын тартатын ел тұрғындарының қарасы 3 млн-нан асып түсуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу