Ауғанстан ислам республикасының Кабул қаласындағы Kabul Star отелінде Қазақстан мен Ауғанстанның ресми өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы өткізілді.
Қазақстандық бизнес делегация тағам, өнімдері, энергетикалық, құрылыс-монтаж бен жөндеу-сервис салаларынан келді. Ауған тарапынан сол бағыттағы 40-тан астам компания қатысты.
Атап айтқанда, ауған компаниялары қазақстандық өндіріс ішінен ұн, макарон өнімдері, трансформатор және тағы да басқа тауарлардың импортына қызығушылық танытты.
Сауда-экономикалық миссияның ресми делегациясын Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы елшісі А.О.Есенгелдиев, Ауғанстанның ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары мен энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары басқарды.
Іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бойынша министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауғанстан елшілігі, "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, Ауғанстан сауда-өндіріс палатасы бірлесіп атсалысты.