Ауған саудагерлері Қазақстанға қару әкелгені рас па?

246

Бұл жағдайға қатысты премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауған саудагерлері Қазақстанға қару әкелгені рас па? Фото: sauda_inform

Оның айтуынша, ешқандай қару жоқ, бұл тек көрменің "Антиквариат" бөлімі. 

"Ауғандар – дарын қонған қолөнершілер.  Арматурадан жасалған балғаны көрдіңіздер ме?! Олар таңғажайып заттар жасайды, олар әкелген нәрсенің бәрі – бүгінгі заманның туындылары. Дулығалар мен осы дүниенің бәрі – кәдесыйлар. Адамдар сатып алып, өз мейрамханаларында іліп қоюына болады", – деді Жұманғарин Үкіметтегі брифингте.

Ведомство басшысы жәрмеңкеде ешқандай қару-жарақ жеткізу туралы әңгіме болмағанын айтты.

"Олар әкелген нәрсе – көрменің маңызды бір бөлшегі. Елестетіп көріңізші: сіз көрмеге келесіз, ал онда тек кілемдер қойылып тұрса, бірізді дүниелерді ғана болып кетпей ме. Ол жақта асыл тастар мен зергерлік бұйымдар да, құрылыс материалдары да бар", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу