"Ауған соғысында жемқорлық болса, "Қара майор" тірі қайтпас еді"

3323

Депутат қорғаныс саласындағы жемқорлыққа алаңдаулы.

"Ауған соғысында жемқорлық болса, "Қара майор" тірі қайтпас еді"

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ақпарат алаңында сұхбат беріп, өз ойымен бөлісті.

Ауған соғысына қатысқан депутат еліміздің қорғаныс саласы жемқорлықпен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ бетпе-бет келгенін еске алды.

"Тәуелсіздікті алғаш алған кезде Қазақстан қарулы күштерінде көптеген жайттар белең алғаны белгілі. Қазір енді олардың бәрі жазаларын алып жатыр. Көптеген кері әсер ететін бағыттар етек алды. Мысалы, тендерге қатысу бойынша да олқы жерлері болды. Өкінішке қарай, қазір де біздің көптеген азаматтарымыз жемқорлықпен абақтыда отыр. Жемқорлық тәуекелі туындайтын сәттер ауған соғысы кезінде де болды. Даңқты "Қара майор" Борис Керімбаевтың басына Ауғанстан моджахедтері 1 млн доллар тіккен болатын. Бірақ командирдің жанындағылардың ешқайсысы сатқындыққа барған жоқ. Оңай пайдаға қызығып, қолбасшыны матап беруге болатын еді. Бірақ қазақстандық сарбаздар еліне деген адалдықты сақтады. Қазақстандықтардың  ешқайсысы да қолға түсіп, сатқындық жасаған емес", – дейді депутат.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу