Ауғандық бизнес Қазақстанға тегін сауда орындарын беруге дайын

1299

Ауғанстанның ең ірі банктерінің бірі біздің кәсіпкерлерге өз жеңілдіктерін ұсынып отыр. 

Ауғандық бизнес Қазақстанға тегін сауда орындарын беруге дайын Фото: primeminister.kz

Олар Өзбекстанмкен шекарадағы Хайратон портынан қоймалар мен Мазар-Шарифте сауда орындарын 1 жылға тегін беруге дайын, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз Қазақстан үкіметіне ұсыныс білдіріп отырмыз, яғни бізде сауда жасауға ниет білдірген қазақстандық кәсіпкерлерге 1 жылға тегін сауда орындарын беруге дайынбыз. Сонымен қатар, біз Өзбекстанмен шекарада орналасқан Хайратон портындағы қоймаларды да тегін ұсынамыз", — деді Ghazanfar group басшысы Исмаил Газанфар.

Аталмыш компания жылжымайтын мүлік, мұнай өндеу, құрылыс, банк және логистика саласында жұмыс істейді.

Хайратондағы қойма аумағы 30 мың шаршы метрді құрайды, ал Мазар-Шарифте 20 мың шаршы метрлік кеңсе орындары орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу