Ауғанстан әйелдері Қазақстан мен Өзбекстанда білім алатын болды

1221

Бұл туралы еуропалық дипломатияның жетекшісі Федерика Могерини мәлімеді.

Ауғанстан әйелдері Қазақстан мен Өзбекстанда білім алатын болды

Еуроодақ Ауғанстан әйелдеріне арналған кезекті ағартушылық бағдарлама енгізетін болды. Енді бұл елдің нәзікжандылары Қазақстан пен Өзбекстанның оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы еуропалық дипломатияның жетекшісі Федерика Могерини мәлімеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ол Астанада өткен ауған әйелдерінің құқықтарын кеңейту жөніндегі халықаралық конференция қатысушыларына бейнеүндеуін жолдаған болатын.  

"Еуроодақ Ауғанстан әйелдеріне үнемі қолдау көрсетіп жүр. Бүгін оларға Орталық Азияда білім алуға мүмкіндік беретін 2 миллион еуроның жаңа бағдарламасын ұсынып отырмын. Бұл әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері мен өзгелерден тәуелсіздігін арттырады. Бағдарлама Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстанның үшжақты ынтымақтастығымен жүзеге асады. Орталық Азиядағы көршілердің қолдауы бұл елге ауадай қажет. Бейбітшілік, аймақтағы тығыз экономикалық ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу бүкіл ауған халқы мен түгел аймаққа пайда әкелетіні анық", - дейді ЕО сыртқы саясаты жөніндегі комиссары Федерика Могерини. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу