Ауғанстан әскері содырларға қарсы арнайы операция жүргізіп, бір тәулік ішінде 71 лаңкесті мерт қылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Жараланғандардың өзі 40-тан асады. Жеті бүлікші үкімет әскерінің қолына түсті. Мәліметтерге қарағанда, Ұлттық қауіпсіздік жасағы лаңкестерден төнетін қатердің алдын алу үшін 12 әскери операция жүргізген. Үкімет жасағы мен бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны немесе зардап шеккені туралы әзірге дерек жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу