Ауғанстан астанасында жарылыс орын алды

Жарылыс үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" террористік тобы өз мойнына алған болатын. 

Ауғанстан астанасында жарылыс орын алды Фото: zefirka.net

Бейсенбі күні таңертең Кабул қаласының Хайрхан ауданындағы мешіт жанында жарылыс болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Aamaj News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жарылыс бүгін таңертең сағат 07:15-те Кабулдағы Панджсад Фамили көшесінің қиылысына жақын жерде Әбу Муслима Хорасани мешітінің жанында болды. Әзірге, бұл оқиғаның сипаты мен ықтимал құрбандары туралы нақты ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 9 қаңтар күні Кабулдағы 16-шы округінің Алухило ауданында жолаушылар мінген шағын автобус жарылып, үш бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы төртеуі жараланды.

Кабул ІІМ баспасөз орталығының жетекшісі Халид Задранның айтуынша, лаңкестік әрекетті тергеу барысында күдікті адам ұсталды. Ал жарылыс үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобы өз мойнына алған болатын.

Дәл осы лаңкестік топ сенбі, 6 қаңтарда Ауғанстан астанасының батысындағы Дашти-Барчи ауданында, негізінен шииттер тұратын хазарлар қоныстанатын ауданда жолаушылар мінген автобус жарылған шабуылды өз қолына алды.

Кабул полициясының мәліметінше, 2 адам қаза тауып, 14 адам жараланған. Алайда, содырлар шабуылдан 20 адам қаза тапты деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу