Ауғанстан әуе күштерінің ұшағы Өзбекстан аумағына құлады

4194

Кем дегенде бір адам зардап шеккен. 

Ауғанстан әуе күштерінің ұшағы Өзбекстан аумағына құлады

Ауғанстан әуе күштерінің ұшағы Өзбекстанмен арадағы шекарада, нақтырақ айтқанда Сурхандария облысында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Өзбекстанның Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта апаттың неден болғаны анықталып жатыр, нақты ақпарат кейінірек жарияланады", – деді ведомстводағы ақпараттық қызметінің басшысы Бахром Зульфикаров.

Ауғанстан мен Өзбекстан шекарасында ауған әуе күштері ұшағының құлағаны туралы бұрын хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 15 тамызда болған. Бұл деректі Зульфикаров растады.

Интернетте ұшақтың фотосы мен бейнекадрлар да таралып жатыр. Кем дегенде бір адам зардап шеккен. 

15 тамызда "Талибан" Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын жариялаған еді. Қазір мемлекетті басқару міндеті уақытша кеңеске жүктелді, ол артынан бұл өкілеттікті тәліптерге тапсырады. Жаңа кеңестің құрамына ұлттық бітімгерлік жөніндегі жоғарғы кеңестің басшысы Абдулла Абдулла және бұрынғы президент Хамид Карзай енгізілді. Елдің қазіргі  президенті Ашраф Ғани елден қашып кетті.

Тәліптердің билікті басып алуы тұрғындардың арасында дүрбелең тудырды. Тіпті кейбіреулері  ұшақтардың шассиіне жабысып, елден бас сауғалап қашпақшы болды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу