Ауғанстан билігі тәліптерге елді бірлесе басқаруды ұсынды

1448

Ел аумағының 65%-ы "Талибан" қозғалысының бақылауына өткен.  

Ауғанстан билігі тәліптерге елді бірлесе басқаруды ұсынды

Ресми Кабул "Талибан" қозғалысының жетекшілеріне билікті екіге бөліп, елді бірлесе басқаруды ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Al Jazeera сайтына сілтеме жасап.

Ауғанстан үкіметі тәліптермен бейбітшілік туралы келіссөздер жүргізу керек деп санайды, өйткені елдегі жағдай ушығып барады. Қазір үкімет әскері мен террористер Гильменд провинциясындағы Лашкаргах қаласы үшін шайқасуда. Полиция штабы бақылауға алынды.

Бұған дейін содырлар  оныншы провинцияның астанасын, яғни Газни қаласын басып алғаны жарияланды. Бұл шаһар Ауғанстан астанасы Кабулдан 130 шақырым жерде орналасқан.

Еуропалық Одақтың мәліметінше, Ауғанстан аумағының 65%-ы "Талибан" қозғалысының бақылауына өткен. Тәліптер енді тағы 11 провинцияның астанасын басып аламыз деп сес көрсетуде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу