Ауғанстан: бұрынғы әкімшіліктің мүшелері жаңа үкіметке шақырылады

790

Тәліптер оларға рақымшылық жасаған еді. 

Ауғанстан: бұрынғы әкімшіліктің мүшелері жаңа үкіметке шақырылады

"Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) Ауғанстанның бұрынғы әкімшілігінің бірқатар мүшесіне жаңа үкіметке жұмыс істеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта тәліптер мен шенеуніктер арасында осыған қатысты талқылаулар өтіп жатыр. Сондай-ақ жаңа әкімшілікке әйелдерді шақыру жоспарлануда.

Бұған дейін "Талибан" басшылары Ауғанстанның бұрынғы үкіметімен 48 сағат ішінде кездесуге келіскені туралы хабарланған болатын. 17 тамызда олар бұрынғы үкімет қызметкерлеріне рақымшылық жасап, жұмысын қайта бастауға үндеді.

Катардағы бұрынғы Ауғанстан үкіметінің делегациясы Дохадан саяси баспана сұрады. Кабулда уақытша үкімет құрылғанға дейін олар осы елде болады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу