Ауғанстан БҰҰ-ға мүше болуды сұрады

205

Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ға өтініш жасап, Талибан қозғалысының қазіргі үкіметіне ұйымнан орын беруді сұрады. Бұл туралы Tolo телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ауғанстан БҰҰ-ға мүше болуды сұрады Фото: ТАСС

Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Шир Мохаммад Аббас Станекзай атап өткендей, Кабул барлық елдермен, соның ішінде Америка Құрама Штаттарымен "оң қарым-қатынасқа ұмтылады" және кез келген мәселе бойынша мемлекеттермен ынтымақтастыққа дайын.

"Құдай Ауғанстанға БҰҰ-да болсын, басқа форумдарда болсын, халқымыздың алаңдаушылығын білдіріп, оның қасіретін тоқтатуға мүмкіндік беретін жағдай жасасын", – деді дипломат.

Сөз соңында Станекзай Ауғанстан үкіметінің ешбір елмен проблемасы жоқ екенін және билік "әрқашан ірі державаларға ешкіммен қақтығысқа түспкейтінін" нақты білдіргендерін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу