Ауғанстан ДАИШ-ты жеңді

713

Осы аптада лаңкестік ұйымға мүше 600 адам Ауған үкіметіне бала-шағасын тапсырды. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. 

Ауғанстан ДАИШ-ты жеңді

Ауғанстан ДАИШ содырларын жаппай жойды. Бұл  – осы елдің Президенті Ашраф Гани жасаған мәлімдеме, деп хабарлайды Atameken Business.

Тұтқынға түскен тәліптер қаруларын тапсырды. Осы аптада лаңкестік ұйымға мүше 600 адам Ауған үкіметіне бала-шағасын тапсырды. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Сонымен қатар Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Әзербайжан, тіпті Мальдив аралдарынан да келгендер анықталған.

Шенеуніктердің айтуынша, коалициялық күштердің әуе шабуылы жиілеген соң, тәліптер берілуге мәжбүр болған. Себебі қазір оларда баяғы қарқын жоқ. Сырттан қаржыландыру сап тыйылған.

2001 жылдан бері Нангархар провинциясын бақылауға алған олар, Кабулға таныштық бермейтін. Жанкештілерді жіберіп, жарылыс жасап, салдарынан жүздеген адам жан тапсырды. Олардың дені шетел азаматы және шейіттер.

 "Осыдан бір жыл бұрын ешкім де ДАИШ-тың көзін құртамыз дегенге сенген жоқ. Енді міне, Аллаға шүкір сол күнге де жеттік. Бірақ бұл - біз енді осы жерден кетеміз деген сөз емес. Қауіпсіздік және қорғаныс күштері Нангархарды қатаң бақылайтын болады", – дейді Ашраф Гани.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу