Ауғанстан қазақстандық ұннан бас тартпақшы

13324

Ауғанстан біржола қазақстандық ұннан бас тартпақшы. Мұндай ақпарат жергілікті телеарналардың бірінде тарады, деп хабарлайды Atameken Business.

Ауғанстан қазақстандық ұннан бас тартпақшы

Тасымалға шектеу қою арқылы ауғандықтар импортқа тәуелділіктен арылып, өз өнімдерін шығармақ ниетте. Ал елімізден тек бидай алу көзделген.

Ауғанстан – Қазақстан үшін ұн экспорттайтын жалғыз нарық. Егер ол жаққа жол жабылса, еліміздегі 170 диірменнің жұмысы тоқтайды. Сәйкесінше жұмыссыздар саны артады, азық-түлік бағасы қымбаттайды.

Алайда мәселеге қатысты билік үн қатпай отыр. Ауыл шаруашлығы министрлігіне хабарласып, мән-жайды сұрап едік. Олар "әзірге жауабымыз" жоқ деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу