Пәкістанның мұндай шешім қабылдауына Сауд Арабиясы, Катар және Түркия сияқты елдердің жасаған өтініші ықпал еткен. Бейбіт келісім 19 наурыздан басталып 24 наурызға дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Рамазанның аяқталуына және Ораза айт мерекесіне орай ресми Кабул де әскери қимылдарын тоқтата тұратынын хабарлады.
Билік өкілі Забихулла Муджахидтің сөзінше, бұған мұсылмандар үшін маңызды мерекенің бірі басталуы және жоғары айтқан елдердің араласуы себеп болған.
Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс осы жылдың ақпанында басталды. Наурызда Пәкістан әуе шабуылынан Кабулдағы жергілікті емханалардың бірі жарылып, 400-ден аса адам қайтыс болды.