Ауғанстан мен Ресей арасындағы тікелей рейстер жандануы мүмкін

646

Кабул әуежайының ұшу-қону жолағы тәртіпсіздіктер және террорлық шабуылдың салдарынан қирап қалған еді.

Ауғанстан мен Ресей арасындағы тікелей рейстер жандануы мүмкін

Ауғанстанның қазіргі билігінде "Талибан" қозғалысы алдағы уақытта Ресеймен арадағы әуе байланысын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz  уақытша үкіметтегі Ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахидтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз Кабул әуежайындағы әуе қатынасын, соның ішінде Ресеймен арадағы рейстерді қайта бастауды жоспарлап отырмыз", – деді ол.

Ресей Федерациясы мен Ауғанстан арасындағы әуе қатынасы 15 тамызда тәліптер Кабулға ұрыссыз кіргеннен кейін тоқтатылды. Сол кезде Президент Ашраф Ғани елден қашып кеткен еді. 6 қыркүйекте "Талибан" ел территориясына толықтай бақылау орнатылғанын мәлімдеді, ал 7 қыркүйекте уақытша үкіметтің құрамын жариялады. Әзірге оны ешбір мемлекет мойындамады. Кабул әуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалдары әуе айлағында болған тәртіпсіздіктер және 26 тамыздағы террорлық шабуылдың салдарынан қирап қалған еді. Тамыз айының соңынан бастап Катар мен Түркияның техникалық мамандары әуежайдың жұмысын ретке келтіруге көмектесіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: khaama.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу