Ауғанстан-Пәкістан шекарасындағы қақтығыста 62 адам қаза тапты

842

Ауғанстан-Пәкістан шекарасындағы қақтығыста 62 адам қаза тапты

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы қарулы қақтығыс құрбандарының саны нақтыланды. Соңғы мәліметке жүгінсек, 62 адам оққа ұшып, 150-і жараланған.

Марқұмдар мен жапа шеккендердің дені – ауған елінің сарбаздары. Айта кетейік, 5 мамырда екі мемлекет шекарасында атыс болған еді. Ресми Исламабад Ауғанстан жауынгерлерінің бірінші болып оқ атқанын айтады.

Әзірге көрші ел билігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ. Жалпы, қос мемлекет арасында осыған ұқсас оқыс жағдай жиі болып тұрады. Өйткені тараптар бірін-бірі лаңкестерге қолдау көрсеткені үшін айыптайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу