Ауғанстан президенті тәліптер қозғалысын саяси партия ретінде тануға шақырды

865

Ауғанстан президенті тәліптер қозғалысын саяси партия ретінде тануға шақырды

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани әлдеқашан халықтың қолдауына ие болып, саяси күшке айналған тәліптер қозғалысын саяси партия ретінде тануға шақырды. Бұл жайында TOLOnews ақпарат көзіне сілтемемен islam.kz.

Ауған басшысының мұндай қадамға баруына Сирия мен Шам жерінде сойқан салып келген содырлардың ауған жеріне ауғаны түрткі болып отыр. Яғни, ауған басшысы осылайша тәліптерді өз жағына шығарып алудан басқа амал таппай отыр. Қайткен күнде де тәліптер әлемнің көптеген елінде террористік ұйым ретінде танылғанымен, ауғандықтар үшін азат етуші қозғалыс болып саналады.

Ауғанстан президенті тәліптерге азаматтық, яғни төлқұжат беруге, олардың отбасына салынған шектеулердің алып тастауға пәрмен беруге дайын екенін де жеткізді. Өз жағына өткен тәліптердің қауіпсіздігіне де кепілдік беруге уәде етті. Сондай-ақ, елдегі саяси әрі экономикалық мәселелерде тәліптермен кеңесіп, келіссөз жүргізіп отыруға уәде етті. Тәліптер әзірге ауған басшысының бұл ұсынысына жауап қайтарған жоқ. Тіпті, олар ауған басшысының мұндай ұсынысына мұқтаж да емес. Өйткені, тәліптер "заңды" билікті мойындамайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу