Ауғанстан шетелдіктерге 10 жылға дейін тұруға виза рұқсат береді

127

Ол үшін шетелдіктер ауған елінің экономикасына 100 мың доллар инвестиция салуы тиіс.        

Ауғанстан шетелдіктерге 10 жылға дейін тұруға виза рұқсат береді Фото: pexels.com

Ауғанстан мұндай шешімді экономикалық комиссия отырысында қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты Dalanews.kz порталына сілтеме жасап. 

Енді шетел азаматтарының Ауғанстанда тұру құқығын алуы үшін қанша көлемде инвестиция салуы керек екенін құзырлы органдар айқындауға тиіс.

Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам халықаралық оқшаулану жағдайында экономиканы жандандыруға бағытталған. Дүниежүзілік банк деректеріне сүйенсек, кейінгі жылдары ел экономикасы белгілі бір деңгейде өскенімен, сыртқы қаржылай көмек айтарлықтай қысқарған. Яғни бюджетке түсетін қаражат азайып, билік енді жеке инвестиция арқылы қаржы тартуға мүдделі.

Шетелдік бизнесті қызықтыру үшін Кабул бірқатар жеңілдік ұсынбақ. Құрылысқа жер телімін беру, жабдықтар мен көлік әкелуге кедендік баж салығынан босату, сондай-ақ, бес жылға дейін салықтан босату қарастырылған.

Дегенмен қазіргі жағдайда бұл елде тұрып, бизнес жүргізу үшін қомақты қаражат салуға ниетті инвесторлар саны қаншалық болатыны әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу