Ауғанстан вице-президентіне қастандық жасалды

1133

Қазір жергілікті билік осы жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ауғанстан вице-президентіне қастандық жасалды

Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрулла Салехқа қастандық жасалды. Жарылыс салдарынан ол зардап шеккен жоқ, бірақ екі адам қаза тапты. Бұл турал министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Ауғанстан жауы тағы да Амрулла Салехқа зиянын тигізбек болды. Бірақ ол аман қалды", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Жарылыс Кабул қаласының Таимани алаңында болған. Салдарынан екі адам қаза тауып, жетеуі түрлі деңгейде жарақат алған. 

Ресми дерек бойынша, бомба вице-президент кортежі жүріп келе жатқан кезде жарылған. Жарақат алғандардың қатарында Салехтың күзетшілері бар. 
Қазір жергілікті билік осы жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: aljazeera.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу