Осы қыста Ауғанстанда аяз бен қардан қаза тапқандар саны 39-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуаға сілтеме жасап.
Бұл туралы жексенбіде ұлттық апаттарға қарсы күрес басқармасының өкілі Мулла Джанан Саик мәлімдеді.
"Біздің отандастарымыздың 39-ға жуығы қаза тапты, тағы 30-ы жаңбыр, қар және суық ауа райынан зардап шекті. Сонымен қатар 637 үй қирап, 13 889 ірі қара аяз салдарынан қырылған", - деді Джанан Саик.
Ол билік көмек көрсетуге барынша күш салатынын, соның ішінде зардап шеккен отбасыларға азық-түлік және одан әрі шығындардың алдын алу үшін мал азығын беретінін атап өтті.
Ауғанстанның кейбір аудандарында өткен жексенбіден бастап жаңбыр мен қар жауып жатыр.