Ауғанстанда 5,8 балдық жер сілкінісі болды

279

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ауғанстанда 5,8 балдық жер сілкінісі болды Фото: Tolo News

Ауғанстан аумағында 1 қазан күні таңертең 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ҰЯО Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:29-да (Гринвич уақытымен 01:29-да) болған.

Оның эпицентрі 36,46° солтүстік ендік пен 68,51° шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісі 18 шақырым тереңдікте тіркеліп, энергетикалық класы K=13,2, магнитудасы 5,8 деп бағаланды.

Еске салайық, 28 қыркүйек күні сағат 09:38-де жер сілкінісі тіркелген болатын. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан 8 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Сол күні Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл 28 қыркүйекте болған екінші жер сілкінісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу