Ауғанстанда 6 айда 1,6 мың адам қақтығыста қаза тапты

1243

Елдегі жағдай АҚШ пен НАТО өз әскерін ресми түрде шығара бастағаннан кейін шиеленісе түсті. 

Ауғанстанда 6 айда 1,6 мың адам қақтығыста қаза тапты

Ауғанстандағы әскери іс-қимылдар кезінде соңғы алты айда 1,6 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, мыңдаған адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  БҰҰ-ның мәліметіне сілтеме жасап. 

"2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Ауғанстанда зардап шеккен бейбіт тұрғындардың саны рекордтық деңгейге жетті. Мамыр айынан бері қаза тапқандардың саны да өсті. Бұл елден халықаралық әскери контингент шығарыла бастағаннан кейін, "Талибан" қозғалысы әскери белсенділігін арттырды", – деп жазылған ұйымның мәлімдемесінде. 

Нақтырақ айтқанда, 6 ай ішінде 1 659 адам өлтіріліп, 3 254 тұрғын жарақат алған. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен  470%-ға жоғары.

Ауғанстандағы жағдай 1 мамырда АҚШ пен НАТО өз әскерін ресми түрде шығара бастағаннан кейін шиеленісе түсті. Елдегі "Талибан" қозғалысы күшейіп, содырлар бірқатар аумақты басып ала бастады. 22 шілдеде "Талибан" өкілі Забиулла Мужахед қозғалыс ауған шекараларының 90%-ын бақылауына алғанын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу