Ауғанстанда әйелдерге саябаққа кіруге тыйым салынды

1394

Әйелдер саябақта хиджабты кию тәртібін бұзған.

Ауғанстанда әйелдерге саябаққа кіруге тыйым салынды Фото: korrespondent.net

Ізгілікті наисхаттау және күнәнің алдын алу министрінің міндетін атқарушы Мухаммад Халед Ханафи әйелдерге белгілі туристтік орын - Банд-э-Амир ұлттық саябағына баруға тыйым салу керегін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz TOLOnews басылымына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, әйелдер саябақта хиджапты киу тәртібін бұзған және кейде тіпті оны кигмеген. Көбіне бұл ережені ұстанғысы келмейтін өзге провинциядан келушілер екенін атап өтті.

"Біздің әйелдеріміз бен қарындастарымыз оларға ереже орнатпайынша Банд-э-Амир саябағына келе алмайды. Ақсақалдар мен пейілдер полициясы шара қолдану қажет. Туризм - бұл өмірге ең қажеттісі емес", дейді ол. 

Банд-э-Амир - елдегі ең басты туристік орындардың бірі. Ол Ауғанстан орталығындағы Гиндукуш тауларында орналасқан және елдегі ең бірінші ұлттық саябақтардың бірі. 2009 жылы ашылған саябақ отбасылық демалыстың ең әйгілі орны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу