Ауғанстанда әйелдерге университеттерде оқуға тыйым салынды

696

Ауған билігінің шешімі туралы білім министрінің хатында айтылған. Әйелдердің университеттерге кіруін шектеу бірден күшіне енеді деп күтілуде, деп жазады inbusiness.kz BBC сайтына сілтеме жасап. 

Ауғанстанда әйелдерге университеттерде оқуға тыйым салынды Фото: bbc.com

Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы әйелдерге жоғары оқу орындарында білім алуға тыйым салды.

Үш ай бұрын мыңдаған қыздар мен әйелдер Ауғанстандағы университеттерге оқуға түсу үшін емтихан тапсырды. Алайда олар оқи алатын пәндер мен мамандықтарға үлкен шектеулер қойылған: ветеринария, инженерия, экономика және ауыл шаруашылығы әйелдер үшін тыйым салынды, ал журналистикаға үлкен шектеулер қойылған. 

Былтыр Талибан билікті басып алғаннан кейін университеттерде ерлер мен әйелдер үшін бөлек оқыту және кіреберістер енгізілді. Сондай-ақ студент қыздарды тек әйел профессорлар немесе белгілі бір жастан асқан ер адамдар ғана оқытты. 

Бүгінгі таңда қыздарға жоғары оқу орындарына келуге тыйым салынып, университеттерге бұл талаптың орындалуы туралы шұғыл есеп беру міндеттелген көрінеді. 

Айта кету керек, осыған дейін Ауғанстанда әйелдерге саябақтарда серуендеуге, сонымен қатар ел астанасында орналасқан бассейндер мен спорт залдарға баруға тыйым салынғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу