Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясында топырақ құлап, сегіз адам қаза болса, тағы жеті адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Интерфакс".
Аймақтың төтенше жағдай комитетінің басқармасы хабарлағандай, қайғылы оқиға кеше түстен кейін Тәжікстанмен шекаралас Шахри-Бузург уезі аумағында, жергілікті бір топ адам алтын жуумен айналысып жатқан кезде орын алған.
Айтуларынша, жарақат алған жеті адамның халі нашар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу