Ауғанстандағы билікті бақылайтын "Талибан" қозғалысының жақтастарына тиесілі әскери тікұшақ елдің солтүстігіндегі Саманган провинциясында апатқа ұшырады. Бұл туралы Euronews жергілікті әкімшілік өкіліне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Тікұшақ электр желісінің тірегімен соқтығысып, апатқа ұшыраған. Апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат берілген жоқ.
Провинцияның күш құрылымдарындағы дереккөздер борттағы ұшқыштардың екеуі де қайтыс болды деп мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу