Ауғанстанда аза тұту күні жарияланды

861

Ауғанстанда аза тұту күні  жарияланды

Ауғанстанда ел астанасындағы террорлық шабуылға байланысты ұлттық аза тұту күні  жарияланды. Оған қоса Кабул тұрғындарына ертең демалыс берілді, деп хабарлайды khabar.kz.

Еске сала кетсек, кеше Кабулдағы дипломатиялық ауданда жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қастандықтан 95 адам қаза тапқан. Тағы 200-ге жуығы жараланды. Жарылыс қуатының күштілігі соншалық маңайдағы нысандардың қабырғасы қақырап, терезелері шытынаған.

Жарылысты "Талибан" радикалды қозғалысы мойнына алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу