Ауғанстанда азаматтық соғыс басталуы мүмкін – Қытай

1058

Елдегі жағдай тұрақталғаннан кейін, Қытай Ауғанстанға көмектесетінін мәлім еткен еді. 

Ауғанстанда азаматтық соғыс басталуы мүмкін – Қытай

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И Ауғанстанда азаматтық соғыс басталу қаупі төніп тұр деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ауғанстанда шешілмеген мәселеселер мен қарама-қайшылықтар жиналып қалған. Америкалық әскер шығарылғаннан кейін,  жағдай тіптен ушығып кетіп отыр. Дипломат елде азаматтық соғыс өршу қаупі әлі де бар деген пікірде.
Ван И сонымен қатар шетелдік әскер Ауғанстан аумағынан шығарылғаннан кейін, жергілікті халық мемлекет тағдырын тікелей әсер ете алатынын атап өтті. Қазіргі уақытта негізгі мәселе – Ауғанстанның ұлттық ерекшеліктері мен уақыт тенденцияларына сәйкес келетін елдегі жағдайды қалпына келтірудің жолын іздеу.

Бұған дейін Қытай билігі "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) елдегі жағдайды тұрақтандырғаннан кейін, Қытай Ауғанстанға көмектесетінін айтқан еді. Ресми Бейжіңнің айтуынша, Ауғанстанмен арадағы жаңа қатынастар "өз елінің мүдделерін жеткілікті түрде қорғайтын толерантты және ашық үкімет" құрылғаннан кейін орнатылады. Сонымен қатар ҚХР Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыруға көмектесетіні жарияланды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу