Ауғанстанда бір күнде 43 содырдың көзі жойылды, тағы сегізі жараланған. Лаңкестікке қарсы операция 6 бірдей провинцияда жүргізілген. Қаскөйлердің біразы "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" жендеттері болып шықты.
Айта кетейік, қазір Ауғанстандағы жағдай ушығып тұр. Бұған дейін негізінен ауылды мекендерге шабуыл жасап келген "Талибан" қозғалысы енді ірі қалаларға да ауыз сала бастаған. Оның үстіне елде "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" ықпалы күшейіп келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу