Ауғанстанда телеарналарға шектеу қойыла бастады

218

TOLO, Lemar, TOLOnews, Shamshad, Tamadon сияқты арналар желідегі бағдарламаларын өшірді.  

Ауғанстанда телеарналарға шектеу қойыла бастады Фото: haqqin.az

Ауғанстанда интернет пен телекоммуникация қызметтері тоқтатылғаннан кейін елдегі бірқатар телеарна хабар таратуын доғарды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазір тек Талибан бақылауындағы Radio Television Afghanistan (RTA), Maarif және RTA Sport онлайн көрсетілімін жалғастырып отыр.

Moby Group құрамындағы TOLOnews, TOLO, Lemar, Arman және Arakoziya арналары ең көп зардап шеккен. Байланысты тоқтату шешімін Талибан бақылауындағы Телекоммуникацияларды реттеу агенттігі мен Байланыс министрлігі қабылдаған. Roshan, Etisalat, Afghan Wireless және Afghan Telecom операторларына талшықты-оптикалық желілерді толық өшіру бұйырылған.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім елдегі телекоммуникациялық мұнаралардың жұмысын тоқтатып, Ауғанстанды жаһандық байланыстан толықтай ажыратты. Кейбір дереккөздер шектеулердің бір бөлігі кейін қалпына келуі мүмкін екенін айтқанымен, жоғары жылдамдықты интернет толығымен үзілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу