Ауғанстанда есірткі құны күрт қымбаттады

755

Жаңа билік есірткі контрабандасын тоқтатуды көздеп отыр.

Ауғанстанда есірткі құны күрт қымбаттады Фото: reuters.com

Ауғанстанның қара нарығындағы есірткі бағасы "Талибан" радикалды қозғалысы билікке келгеннен кейін бірнеше есе өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Times Of India басылымына сілтеме жасап.

Апиынның (бұдан героин жасалады) бағасы үш есе дерлік өскен. Басылымның дерегіне сүйенсек, қазір оның бір келісі шамамен 25 мың пәкістандық рупия тұрады. Бұрынғы үкімет кезінде оның құны 7,5 мың рупиядан көтерілмеген еді.

Есірткінің күрт қымбаттауына оның сатылымына алдағы уақытта салынатын шектеу себеп болып отырған көрінеді. Өйткені бұрын "Талибан" апиын көкнәрін өсіруге тыйым салуға ниетті деген ақпарат тараған болатын.

Бұған дейін тәліптер Ресейден есірткі трафигінің барлық жолдарын жоюға көмек сұраған болатын. Ауғанстанның жаңа билігі есірткі контрабандасын тоқтатуды көздеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу