Ауғанстанда халық санағы өтеді

154

Ауғанстанда 45 жылдан кейін жалпыұлттық халық санағы жүргізілмек.  

Ауғанстанда халық санағы өтеді Фото: pajhwok.com

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Мохаммад Хасан Ахуанд хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты avapress.com-ға сілтеме жасап.

Оның пікірінше, ұлттық санақ елдің нақты демографиялық бейнесін анықтау және әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды құру үшін қажет.

Дегенмен науқанның өтетін күні әзірге белгісіз. Елде соңғы халық санағы 1979 жылы өткен. Бірақ ол кезде Ауғанстан жеріндегі өңірлердің 67%-ы ғана қамтылған. Содан бері халық санағының жүргізілмеуіне қарулы қақтығыстар мен саяси алауыздық кедергі болған.

БҰҰ-ның дерегі бойынша, қазір Ауғанстан аумағында 40 миллионнан аса адам тұруы мүмкін.

"Халық санағы денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым сияқты негізгі салаларды тиімді жоспарлау үшін аса маңызды", – дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу