Ауғанстанда көлік жарылысынан жеті адам қаза тапты

490

Қайғылы оқиға елдің шығысында болған. 

Ауғанстанда көлік жарылысынан жеті адам қаза тапты

Ауғанстанның Газни провинциясында жанкешті лаңкес көлікті жарып жіберіп, салдарынан жеті адам ажал құшты. Тағы 40 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Ресми дерекке сүйенсек, қаскөй Ұлттық қауіпсіздік басқармасының (NDS) ғимараты қасындағы көлікке жарылғыш зат орнатқан. Бұл туралы Tolo news телеарнасы хабарлады. Қаза тапқандардың дені – NDS қызметкерлері. 
Тәртіп сақшыларының сөзінше,оқиға таңғы сағат 4.30 шамасында болған. Елдің Ішкі істер министрлігі жарылысты лаңкестікке әрекет деп таныды. Қазір осы жағдайға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Әзірге Ауғанстан аумағындағы қарулы топтардың ешқайсысы шабуылды мойнына алмады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу