Ауғанстанда лаңкестерге қарсы шара басталды

647

Ауғанстанда лаңкестерге қарсы шара басталды

Ауғанстанда лаңкестерге қарсы шара өтіп жатыр. Ел әскері 58 содырдың көзін жойды. Оның 42-сі "Ирак пен Леванта лаңкестік тобының" мүшесі. Мұндай ақпаратты Ауғанстанның қорғаныс министрлігі таратты.

Мәліметке сүйенсек, содырларға қарсы әскери операция Нангархар провинциясындағы Дех Бала және Ачин елдімекендерінде жүргізілген. Бұған дейін дәл осы аймаққа АҚШ әуе күштері соққы жасап, содырлардың жерасты жолдарын талқандаған болатын.

Айта кетейік, соңғы уақытта Ауғанстандағы ахуал ушығып тұр. Бұған дейін шағын елдімекендерде билік құрып келген тәліптер енді үлкен аудандарға шабуылдай бастады. Оған қоса аймақта "Ирак пен Леванта лаңкестік тобының" да ықпалы артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу