Ауғанстанда Мәскеуге бет алған үнді ұшағы апатқа ұшырады

619

"Росавиацияның" мәліметінше, ұшақта 6 адам болған.

Ауғанстанда Мәскеуге бет алған үнді ұшағы апатқа ұшырады Фото: canva.com

Үндістаннан Ресейге Ташкент арқылы чартерлік рейс жасаған ресейлік Falcon ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстаның әуе кеңістігінде жоғалып кеткен Falcon 10 ұшағы Ресейдің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген. Осыдан бір күн бұрын әуе кемесі радардан жоғалып кетіп, байланысқа шығуын тоқтатқаны белгілі болды.

"Алдын ала болжам бойынша ұшақ бортында 6 адам, оның ішінде 4 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы болған", – делінген Росавиация агенттігі таратқан хабарламада. 

Бүгінгі таңда әуе кемесін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоғалған Falcon 10 ұшағын 1978 жылы француздық Dassault Aviation компаниясы шығарған. Әуе кемесі жеке тұлғаға тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу