Ауғанстанда министрдің үйіне шабуыл жасалып, 8 адам қаза тапты

1499

Ведомство басшысы зардап шекпеді. 

Ауғанстанда министрдің үйіне шабуыл жасалып, 8 адам қаза тапты

Ауғанстанның Қорғаныс министрінің үйіне жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны 8-ге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасап.  

"8 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды. Олардың қатарында  Мохаммадидің күзетшілері бар", – деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін 4 адамның ажал құшқаны жарияланған еді. 
Ресми дерек бойынша, қару асынған топ алдымен Қорғаныс министрі генерал Бисмилла хан Мохаммадидің үйінің жанында көлікті жарып жіберген, содан кейін олар үйге баса-көктеп кірген. Шабуыл шамамен бес сағатқа созылды. Тәртіп сақшылары қастандық жасаған бес лаңкесті жер жастандырған. Мохаммади мен оның отбасының мүшелері дін аман. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу