Ауғанстанда министрлікке жасалған шабуылдан 25 адам қаза болды

647

20-дан астам адам жарақат алды.

Ауғанстанда министрлікке жасалған шабуылдан 25 адам қаза болды

Кабулдағы үкімет ғимаратына шабуылдан кем дегенде 25 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Мүгедектер мен қаза болғандардың отбасы мәселелерімен айналысатын ведомствоның қызметкерлері опат болды. Сондай-ақ, шабуылдағанадардың 3-і қаза тапты.

"Аумақты тазарту операциясы шамамен жеті сағат өткеннен кейін ғана аяқталды. Бізге әзірге 25 адамның қаза тапқаны, 20-дан астам адамның жараланғаны белгілі", - деді Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими.

Ауғандық Tolo News телеарнасы хабарлауынша, шабуылға байланысты шамамен 200 мемлекеттік қызметкер эвакуацияланған. Шабуыл дипломатиялық нысандар орналасқан Кабул қаласындағы "жасыл аймақтан" бірнеше шақырым жерде орын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу