Ауғанстанда мұғалималар мен оқушы қыздарды мектептерге кіргізуге тыйым салынды

511

Бұл туралы бүгін Ariana News хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz. 

Ауғанстанда мұғалималар мен оқушы қыздарды мектептерге кіргізуге тыйым салынды Фото: ИА Regnum

Ауған елінде бұдан былай әйел мұғалімдерге мектептерде сабақ беруге тыйым салынды, ал бастауыш сыныптарының оқушы қыздары мектептерге бара алмайды. 

Бүгін таңертең Кабул мектептерінің басшылығы әйел мұғалімдерге Талибанның (ҚР аумағында тыйым салынған ұйым) бұйрығына байланысты жұмысқа келуге болмайтынын ескертті.

Сондай-ақ, тәліптер бұған дейін білім алуға рұқсат берілген қыздарды да үйлеріне қайтарып жатыр. Ал Кабул университеттерінің бірінде есікте студент қыздарды кіргізбеу туралы ескерту ілінген.

Талибан Үкіметінің бұйрығы бір күн бұрын жарияланды - Ауғанстандағы студент қыздар үшін дәрістер белгісіз уақытқа тоқтатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу