Ауғанстанда полиция қызметкері өз әріптестеріне шабуыл жасады. Оқиға Құндыз провинциясында болған, деп хабарлайды 24.kz.
Қаскөй түнде бақылау-өткізу бекетінде күзетте тұрған 9 әріптесін атып өлтірген. Артынша бекетке өрт қойып, ізін суытқан. Қазір қаскүнем іздестіріліп жатыр.
Жергілікті биліктің пайымдауынша, ол Талибан содырларымен байланыста болған. Ал екі апта бұрын ауған елінің Забул провинциясында да ұқсас оқиға тіркелген еді. Ол кезде екі полиция қызметкері 8 әріптесін қырып салған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу