Ауғанстанда президент сайлауы кезінде 32 адам қаза тапты

829

Дауыс беру учаскелеріне 113 шабуыл жасалған. Олардың 64-ін "Талибан" радикалды қозғалысы мойынына алды. 

Ауғанстанда президент сайлауы кезінде 32 адам қаза тапты

Ауғанстанда кеше өткен президенттік сайлау кезінде лаңкестердің шабуылынан 32 адам қаза тауып, 113 тұрғын жараланды, деп хабарлайды 24.kz.

Дауыс беру учаскелеріне 113 шабуыл жасалған. Олардың 64-ін "Талибан" радикалды қозғалысы мойынына алды.

Еске сала кетейік, кеше Ауғанстан халқы ел президентін сайлады. Саяси шара 2001 жылы "Талибан" радикалды қозғалысы биліктен құлатылғалы бері 4-рет өтіп отыр. Бұл жолғы додаға 14 үміткер түсті. Олардың арасында елдің қазіргі президенті Ашраф Гани мен премьер-министр Абдулла Абдулла бар.

Сайлаудың алғашқы қорытындысы 19 қазанда, соңғы нәтижесі қарашаның 7-сі күні жарияланады. Егер ешбір кандидат сайлаушылардың басым дауысына ие болмаса қарашаның 23-і күні екінші тур өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу