Ауғанстанда су тасқынынан 20 адам көз жұмды

678

 Тағы 10 адам із-түссіз.

Ауғанстанда су тасқынынан 20 адам көз жұмды

Ауғанстанның Кандагар аймағында су тасып, 20 тұрғын опат болды. Олардың арасында балалар да бар. Тағы 10 адам жоғалып, табылмай жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

БҰҰ өкілдерінің хабарлауынша, провинцияда 30 сағаттың ішінде 97 миллиметр жауын жауып, елдімекендерді су басқан. Салдарынан бір Кандагар қаласының өзінде 600 үй қирады.

Өңірдегі инфрақұрылымға едәуір нұсан келген. Қазір табиғат апатынан жапа шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшіріліп, тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу