Ауғанстанда "Талибанға" қарсы лаңкестік жасалды

676

Бір адамның ажал құшқаны жарияланды.

Ауғанстанда "Талибанға" қарсы лаңкестік жасалды Фото: reuters.com

Ауғанстанның Асадабад қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Asvaka агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің дерегінше, қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған. Шабуылды ұйымдастырғандар "Талибан" радикалды қозғалысының содырларына шабуыл жасау үшін қастандық істеген деген болжамдар айтылуда. Жарылғыш зат көпір үстімен тәліптердің көлігі өтіп бара жатқан кезде іске қосылған көрінеді. 

Қастандық салдарынан кем дегенде 11 адам зардап шекті. Кунар провинциясындағы Шайтал-ва-Шинтан ауданының полиция басшысы қаза тапты. Зардап шеккендердің арасында тәліптердің бар-жоқтығы әзірге белгісіз.

7 қазанда Ауғанстанның Хост провинциясындағы Мазхар әл-Улюм медресесінде (діни мектепте) жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Тағы 15 адам зардап шеккен болатын. Қастандықты кімнің жасағаны әлі күнге дейін белгісіз.

3 қазанда белгісіз біреулер Кабулдағы Идга мешітінің кіреберісіне жақын жерді жарып жіберді. Екі адам ажал құшып, тағы үшеуі жарақат алды. Жергілікті ІІМ мәліметінше, жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен үш адам ұсталды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу