Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 50 адам мерт болды

385

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бағлан провинциясында маусымдық жаңбырдан кемінде 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC Талибан билігіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 50 адам мерт болды Фото: ariananews.af

Associated Press агенттігі провинцияның табиғи апаттарды жою кеңсесінің директорына сілтеме жасап хабарлағандай, су тасқыны сонымен қатар бірнеше ауданда үйлер мен мүліктерге зақым келтірген.

"Көз жұмғандар саны артуы мүмкін, өйткені із-түзсіз кеткендер өте көп", - дейді директор.

Табиғи апаттарды басқару министрлігіндегі талибан өкілінің айтуынша, су тасқыны Кабулға да әсер еткен. 

Зардап шеккен аймақтарға азық-түлік және өзге де көмегі бар құтқару топтары жіберілген.

Айта кетейік, сәуірде толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны ел бойынша кем дегенде 70 адамның өмірін қиған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу