Ауғанстанда соңғы бірнеше күн тұрған үскірік аяздан 27 бала көз жұмды. Бұл туралы жергілікті билікке сүйеніп, "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасаған 24Хабар жазып отыр.
Қайғылы оқиға елдің солтүстігіндегі Джаузджан аймағына қарасты Дарзаб уезінде болған. Өңірде қалың қар жауып, қатты аяз тұрған. Салдарынан жолдар жабылып, ауыл тұрғындары медициналық орталықтарға қатынай алмай қалған. Ал жауған қардың қалыңдығы жарты метрге жеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу