Ауғанстанда ұсталған лаңкес Атырауда жарылыстар ұйымдастырған

864

Ауғанстанда ұсталған лаңкес Атырауда жарылыстар ұйымдастырған

Ауғанстанда ұсталған лаңкес Атырау облысының тұрғыны болып шықты. Лаңкес мұнда жанкештілерге мина әзірлеп, өздерін жаруға үйретуге келген беті екен. Ауған арнайы қызметінің операциясы кезінде тұтқындалған 28 жастағы Дамир Зналиевті қазір Қазақстанға қайтару мәселесі шешіліп жатыр.

Дамир Зналиев атышулы "Халифат сарбаздары" лаңкестік ұйымын құрып, соған жетекшілік еткендердің бірі. Дәл осы дінінен адасқан топтың мүшесі 2011 жылдың қазан айында Атыраудағы облыстық прокуратураның алдында өзін жарып жіберген еді. Жас жігітке мұнайлы өңірде қос бірдей жойқын жарылыс жасауға Дамир Зналиевтің бұйрық бергені анықталды. Радикалдың өзі бірнеше жыл бойы ұстатпай, ауған-пәкістан шекарасында "Халифат сарбаздары" лагерінде жасырынып жүрген. Бұл шаһид жолындағы ұйымға бірқатар Еуропа елінде теракт ұйымдастырды деген айып та тағылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу