Ауғанстанда жарылыстан 11 адам көз жұмды

417

33 адам жараланған.

Ауғанстанда жарылыстан 11 адам көз жұмды

Ауғанстанның оңтүстік аймағында жарылыс болып, 11 адам қайтыс болды. Оның жетеуі – сәби, деп хабарлайды Atameken Business.

Жараланған 33 адамның дені балалар мен әйелдер. Олар мінәжат ету үшін киелі жерге бара жатқан кезде, автобус жарылып кеткен.

Оқиға Кандагар провинциясында болған. Осы аймақтағы қауіпсіздік күштерін жоюды көздеген тәліптер олар жүретін жолға жарылғыш заттарды жасырыпты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолаушылар соның құрбаны болған.

Былтыр осындай жасырын мина кесірінен 1,5 мың бейбіт тұрғын аяқ-қолынан айырылып, ажал құшты. Әдетте оны ойын балалары басып кетеді. Құрбандардың 80-пайызы жасөспірімдер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу