Ауғанстанда жер сілкінісі салдарынан 20 адам қаза тапты

357

Жарақат алғандар бар.

Ауғанстанда жер сілкінісі салдарынан 20 адам қаза тапты Фото: © AP Photo / Wahidullah Kakar

Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болды. Салдарынан 20 адам қаза тауып, 75-тен астам адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Балх провинциясында табиғи апаттан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 75-тен астам адам жарақат алқан. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар. Олардың үйі опырылып түскен.  

Мазари-Шариф қаласындағы көк мешітке зақым келген. Бұдан басқа желіде жарияланған кадрлардан елдегі ең қасиетті ескерткіштің сыртқы фасадының бір бөлігі құлағанын көруге болады. 

Көршілес Саманған провинциясында екі адам көз жұмып, шамамен 200 адам зардап шеккен. Саманған мен Балх арасындағы негізгі автожол құлаған тастарға байланысты жабылып қалды.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік құрбандар саны артуы мүмкін екенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу