Ауғанстандағы дипломаттарымыз терактілерге қарамастан жұмысын жалғастырады – СІМ

688

Әуежай маңындағы қантөгіс салдарынан жиырмадан аса адам қаза тапты. 

Ауғанстандағы дипломаттарымыз терактілерге қарамастан жұмысын жалғастырады – СІМ

Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі қызметкерлері бір күн бұрын әуежай маңында болған терактілерге қарамастан Кабулда жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі  "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Елшілік қызметкерлері Кабулда жұмысын жалғастыруда", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі 10 қазақстандық дипломаттың Ауғанстанда қалғанын хабарлаған болатын.

Бір күн бұрын Ауғанстанда болған бірқатар терактілерден кемінде 12 америкалық әскер мен ондаған ауған азаматы қаза тапты. Терактілерді "Ислам мемлекеті" террористік тобы (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымдастырғанын мойындады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу