Ауғанстандағы этникалық қазақтарды эвакуациялау жалғасады – СІМ

892

Қазақстан Ауғанстандағы этникалық қазақтарды эвакуациялау жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстандағы этникалық қазақтарды эвакуациялау жалғасады – СІМ

"Үкімет ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып, сондай-ақ ішкі заңнама нормаларына сәйкес аталған жұмысты жалғастырады (Ауғанстаннан этникалық қазақтарды эвакуациялауды)", - деп жазылған Сыртқы істер министрлігі хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 9 қыркүйекте Ауғанстаннан елге 35 этникалық қазақ ұшып келген.

Қазақстанның Кабулдағы елшілігінің дерегінше, Ауғанстандағы қазіргі дағдарысқа дейін елде 23 қазақ отбасы болған. Олар Құндыз, Тахар, Балх, Джаузжан және тағы басқа өңірлерде тұрған.

"Ауғанстандағы әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты елден кеткісі келетін, түбіміз қазақ деген ауғандардан түскен өтініштер саны өскен. Сондықтан олардың саны туралы ақпарат өзгеруі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі бүгінде Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі жанында арнайы комиссия құрылғанын атап өтті. Ол ауғандықтардың қазақ этносына қатысы бар-жоғын, қазақ тілін білу деңгейін анықтау және тағы басқа мәселелер бойынша жұмыс жүргізеді.

Сондай-ақ өтініштің көп түсуіне байланысты комиссия аптасына 2 рет отырыс өткізеді. 

Кабулдағы елшіліктің мәліметіне сәйкес, түбіміз қазақ деген ауғандардың саны 200-ге жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу